Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада бірнеше көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Астанада бірнеше көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нақтыласақ, Жеңіс даңғылынан бастап Бөгенбай батыр көшесіне дейін, сонан соң Абай даңғылы жөнделеді. Кенжин, Болашақ, Тілендиев даңғылында да жұмыс қызғалы тұр. Сондай-ақ, Жаңақоныс көшесі мен Жұмбақтас тұйық көшесіне дейінгі аралықта орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл аумақтар ішінара жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын тудырмас үшін, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береміз.