Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қалтада ақша болмаған кез көп болды". A.Z Ninety one тобынан неге кеткенін айтты

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2023
  • 2946

Ninety one тобының бұрынғы мүшесі, A.Z лақапатымен танымал рэпер Азамат Зенкаев топтан неге кеткенін ашық айтты. Бұл туралы өнер иесі Аман Тасығанға берген сұхбатында TALK LIKE бағдарламасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, ақшаға байланысты мәселелер де туындаған.

"Сыйыстық қой (балалармен - еск.). Екеуі де кінәлі емес (A.Z де, Ninety one да - еск.). Екіжақты келісілген шешім. Қазір ол ой қате деп ойлаймын. Ол ой дұрыс болмады. ...Айлықтар азайды дегенде, көшеде танып, суретке түсіп жатады. Көңіл бөліп жатады. Қалтаңда ақша болмаған кез көп болды. Бір жерге барған да көп шықпайтынмын. Өйткені ақшаның жоқтығынан. Шыққым келмейді. Не болып кетті деген сұрақ келеді. Сондай кезең көп болды. Балдармен біраз талқыладық. Жыл сайын пайызды көтердік. Басында "15 пайыз былай жетеді" дегенде, "уау" деп ойланып қалдық. Мен шыққан кезде 50-де 50 болды. Онда да сұрап алдық. Еске алып, жаман айтып қойғым келмей тұр. Көбі ойлайды, тіпті менің әке-шешем ойлап қалады кейде. Бір жаққа шығып келсем, ақшаны күреп жатқандай. Негізі олай емес. Қазір пәтер жалдаймын. Тапқан ақшам пәтерге, тамағыма кетеді. Кейде сол ақшаны таба алмай қалатын кезеңдер болады. Өйткені мені шақыра бермейді. Тойға тіпті шақырмайды", - деді ол.

Ол бес жыл ішінде топта жүріп, материалдық жағынан не тапқанын айтты.

"300-400 мың теңге, бір концерт дегенде үлкен концерттерден. Үй, тамақ. Тегін тамақ дегенде басында болды. Кейін өзіміз ішіп жүрдік", - деп еске алды рэпер.