Русский Сайттың толық нұсқасы

Каспий теңізіне дизель отыны төгілген

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2023
  • 1309

Каспий теңізіне дизель отыны төгілген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық экология департаменті мәлім етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Түпқараған ауданы Аташ елдімекені аумағында "Батыс Мұнай Транс" ЖШС жанында тұрған "КАНТА" кемесінен теңізге шамамен 300 литрдей ұзын жолақ дизель отыны төгілгендігі анықталып, Маңғыстау облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалы бөлімінің мамандары судан сынама алды. Тұрғындардың айтуы бойынша, аталмыш жағдай "Батыс Мұнай Транс" ЖШС тиесілі кемеден орын алған”, – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 144-4 бабына сәйкес тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"НКОК" компаниясы тарапынан теңізді тазалап жатқаны хабарланды.