Русский Сайттың толық нұсқасы

«Үйлер салынып жатыр, бірақ мектеп жеткіліксіз», - Қосшы қаласының тұрғыны

Ақмола облысы Қосшы қаласында мектеп тапшы. Ата-аналар «бір партада 3 оқушыдан отырады» дейді. Осыдан үш жыл бұрын шаһарда жаңа мектептің құрылысы басталған. Бірақ әлі күнге дейін бітер емес.

Астананың іргесіндегі Қосшы қаласында 70 мыңға жуық тұрғын бар. Өңірге сырттан көшіп келуші көп. Демографиялық өсім жақсы. Бірақ, елдімекенде мектеп аз боп тұр. Бір сыныптағы оқушы саны 30-дан асады. Кластар тар.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Класстың ішінде 26-28 баладан отырады. Тар. Сыймайды.

- Сыйымдылығы жөнінен өте қиын. Балалар 3 баладан отырады. Үйлер салынып жатыр. Бірақ мектеп, балабақша жеткіліксіз.

- 3 смена оқыған қиын балаларға. Ең қиыны қыста.

Қалада жаңа мектептің құрылысы 2020 жылы басталған. Қазір оның 70 процент жұмысы ғана біткен. Тұрғындар осыған алаңдаулы. Межеленген мерзімде ғимарат қолданысқа берілмей ме деп уайымдайды. Ал жауаптылар жұмыстың бәрі ойдағыдай жүріп жатқанын айтады.

Айтбек ИБРАЕВ, МЕРДІГЕР:

Жоспар бойынша биылғы июнь айының тапсыруға жоспар қойылған. Соны орындап жатырмыз. Әзірше ешқандай кедергі жоқ.

Мәселені «АМАNАТ» партиясы назарға алды. Партиялық бақылау нысан құрылысын қадағалайды.

Руслан АЙТЖАНОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«АМАNАТ» партиясының бақылау бекеті құрылған. Осы объектіде. Неге десеңіз, бұл- қаламыздың экономикалық-әлеуметтік саласындағы негізгі нысанның бірі. Сондықтан бұл объект біздің күнделікті назарда десек болады.

«АМАNАТ» партиясының бақылауымен қалада жаңа емхана белгіленген уақытта пайдалануға берілді. Қазір бұл орталықта Қосшы, Тайтөбе, Қызылсуат елдімекендерінің тұрғындары ем алуда.

Әсел БЕЛІЗБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Біздің орталық 3 учаскеге бөлінген. Бір учаскенің өзі 1800 пациентті қабылдайды. Қазіргі уақытта бізге 8 184 адам тіркелді. Оның 420 адам өз еркімен тіркелді.

Қала мәртебесін алып, жылдан жылға ауқымы үлкейіп келе жатқан Қосшыда халық саны көбейген сайын емханаға деген қажеттілік те артуда.