Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарт анасын қорлаған астана тұрғыны қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2023
  • 1274

Астанада қарт анасын қорлаған астаналық тұрғын қамауға алынды. 81 жастағы тұрғынның айтуынша, оның 55 жастағы ұлы үйде жанжал шығарып, оны қорлаған және кемсіткен, - деп хабарлайды polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астаналық тұрғын үйге мас күйінде келіп, үйде жанжал шығарып, анасына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлап, сол арқылы психологиялық зорлық-зомбылық көрсете бастағаны анықталды.

Аталған дерек бойынша Сарыарқа ауданы полиция бөлімі учаскелік инспекторы Ернар Әбдірашев құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.