Русский Сайттың толық нұсқасы

Блогер дәріханада көмектескен әжей Күләш Байсейітованың қызы болып шықты

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2023
  • 970

Әлеуметтік желіде Самат атты блогердің дәріханада тұрған әжеге жақсылық жасаған видеосы пайда болды. Кейін ол Күләш Байсейітованың қызы болып шыққан деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеоны Әсет Ақмолда әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

«Тиктокта Самат деген блогер бар екен. Халықтан қаражат жинап, қарт кісілерге, тағдырдың түрлі машақатын өткеріп жүрген жандарға көмектесіп, сауапты іспен айналысады. Ол бір күні дәріханада әлдебір әжеге жақсылық жасайды. Артынан ол әженің Күләш Байсейітованың қызы екенін біліп, қатты таңғалады», – деп жазды ол.

Бұлбұл әнші Күләш Байсейітованың қызы Қарлығаш Байсейітова бертінге дейін қолындағы аурушаң қызымен Алматыда (Панфилов-Мәметова көшелерінің қиылысында) пәтер жалдап тұрған.

«Қарлығаш – Қанабек пен Күләштан қалған жалғыз ұрпақ еді. Қарлығаштың бауырлары Қаршыға 5 жасында, Құралай 36 жасында өмірден өткен. 2 жыл бұрын, кеш те болса Қарлығаш апайға мемлекет бір бөлмелі үй беріпті деп естідім. Бірақ, өкінішке қарай, асылдың тұяғы Қарлығаш Байсейітова осы жылдың 5 ақпанында елеусіз ғана өмірден өтіп кетті» – деп жазды Әсет Ақмолда.