Қостанайда 85 жастағы кейуана бесінші қабаттан құлап, қаза тапты. Қайғылы жағдайды полиция жазатайым оқиғаға жатқызып отыр. Бірақ зейнеткердің қалай құлағаны белгісіз. Марқұм шаһардағы Көбеев көшесінің бойындағы бес қабатты үйде үлкен қызымен бірге тұрған. «Соңғы жылдары сырқаттанып, далаға көп шықпайтын» дейді көрші-көлемі. Қарияның жоғарыдан құлағанын ешкім байқамапты. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Карина БАЗАРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.