Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова "Қыздар-ай" бағдарламасында күйеуіне қалай қолдау беретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Мөлдір Мұқанова күйеуіне үнемі "Сені Алла Тағала сені жақсы көреді, халық сені сүйеді" деп қолдау білдіреді.
"Сөзсіз, Мөлдірді "Мөлдір еткен" - Тұрсынбек. Мен қазақтың қара баласына, қарапайым жігітіне тұрмысқа шықтым. Мен оның атақты жұлдыз боларын білген жоқпын. Ол кезде Қабатов деген фамилиясы дүркіреп тұрған жоқ. Мен - тек сүйіп қосылғандардың бірімін. Ал танымал жұлдызға шықсам, әңгіме басқа болар еді. Жұлдыз болуға септігім тиді деп айта аламын. Жақында Тұрсынбек Меккеге барды. Сол кезден жылап хабарласты. "Мөлдір, сен қайдан біліп айттың, қайдан оқып алдың" деді. Ол сахнаға шығаралдында, жаңа жоба жасар алдында, қобалжығанда "Сені Алла Тағала сені жақсы көреді, халық сені сүйеді, халық сені құштарлана күтіп отыр. 3 мың адамға қуаныш сыйлайсың. Сенің екі көзің қанша көзге қуантады" деп, арқасынан қағамын. Пайғамбарымыздың әйелі оған "Алла сені жақсы көреді, халқың сені сүйеді" деп айтқан. Тұрсынбек "қалай сен осы сөзді айнытпай айтып бердің" деп таңғалды. Алла аузыма салып тұр, мен шын жүректен солай ойлаймын", - деді ол.