Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында құрылысшының аяғы бетон араластырғышта қысылып қалды

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2023
  • 996

Алматы облысында құрылысшының бетон араластырғышта аяғы қысылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

35 жастағы жұмысшы құмды тиеп жатқанда сүрініп, салдарынан оң аяғы бетон араластырғышта қысылып қалған.

Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушыдан құрылған жедел тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы  дереу оқиға орнына барды.

Оқыс оқиға Іле ауданындағы Гейт Сити ықшам ауданында болған. Құтқарушылар болгарканың көмегімен зардап шеккен ер адамның қысылып қалған аяғын шығарды, оның аяғы сынып кеткен екен.

Шок алған ер адамды жедел жәрдем бригадасы бірден ауруханаға алып кетті.