Русский Сайттың толық нұсқасы

Қорғаныс министрлігі 68 миллион долларға компьютер сатып алған

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2023
  • 938

Қорғаныс министрлігінде 8,2 терафлоптық суперкомпьютер орнатылды.

Машинаны сынау сәуір айында аяқталып, ол қолданысқа толық қабылданған. Қорғаныс министрлігіне бұл суперкомпьютер не үшін керек болған?

Қазір ол Миссисипидегі Джон Стеннис атындағы ғарыш орталығында тұр. АҚШ қорғаныс министрлігіне бұл суперкомпьютер не үшін керек болғанын Aikyn.kz бірер күн бұрын datacenterdynamics.com сайтында жарияланған хабарламаға сүйеніп түсіндіреді. 

АҚШ Қорғаныс министрлігінің суперкомпьютерлердің ресурстық орталығында орнатылған жаңа суперкомпьютер Nautilus деп аталады. Бұл жоғары өнімді есептеу жүйесі 176 128 ядрода 8,2 петафлопсты құрайтын ең жоғары өнімділікке ие. Жүйенің 382 ТБ жедел жады және 26 петабайт тұрақты сақтау орны бар.

Суперкомпьютердің мүмкіндігін түсінікті болуы үшін айтсақ, 8,2 петафлопс деген өнімділік – машина 1 секундта 8,2 квадриллион операция жасай алады дегенді білдіреді. Математика тілінде 1 квадриллион дегеніміз -1 000 триллион.

Жаңа суперкомпьютер 2023 жылдың сәуірінде сынақтан кейін әскерилердің қолданысына өткен.

 Әскерилер үшін супер машинаны жасаған Penguin Computing компаниясы 2021 жылдың қыркүйегінде суперкомпьютер бойынша келісімшартты ұтып алған.

Компания екі суперкомпьютерді 68 миллион долларға жасап, біреуін Әскери-теңіз күштеріне, екіншісін Әуе күштеріне орнатуға міндеттеме алған.

Суперкомпьютер АҚШ Қорғаныс министрлігінің жоғары өнімді есептеулерді модернизациялау бағдарламасының бір бөлігі және министрліктің хабарлауынша, ғалымдар мен зерттеушілерге климатты, ауа райы мен мұхитты модельдеуді зерттеуге мүмкіндік беретін маңызды есептеу ресурсы болмақшы.