Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына өзгерістер енеді

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2023
  • 1375

Үкімет отырысының кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев автонесиелу туралы айтты.

«Автонесилендіру бойынша екі мәселе бар. Біріншіден, біз әр айда қайтарылған қаржы есебінен қосымша автонесиелендіруді жүзеге асырамыз дедік. Бірақ айына шамамен 1 млрд теңге қайтарылып отыр. Ол 100 көлікке жетеді. Осы уақытқа дейін 4 млрд теңгедей қаржы қайтарылды. Ол ең көп дегенде 400 көлікке жетеді. Бағдарлама жарияланғанда 5 млрд теңгедей қаржы қайтарылған соң қайта бастауы керек. Бұл – бірінші мәселе», - деді ол.

Қарабаев автонесиелеу бағдарламасы қайта қаралатынын айтты.

«Бұл жерде бірнеше мәселе бар. Автонесие арқылы көлік алғандардың тізімін жариялау. Екіншіден, бастапқы жарна болмайтын. Енді ол бойынша 10% бастапқы жарна енгізуді қарастырып отырмыз. Үшіншіден, көліктің құны 15 млн болса, 10 млн теңге несие берілетін. Оны да төмендетуді қарастырып, көбірек көлік беруді қарастырамыз. Сондай-ақ белгілі бір жалақысы барларға шектеу енгізу көзделіп отыр. Белгіленген шекті жалақыдан асып кетсе көлік ала алмайды. Осылайша, мұқтаж жандарға арнап жасаймыз. Осыған дейін көлік алған адамдардың орташа жалақасына қарап белгіленді. Қазір қанша екенін айта алмаймын. Осы өзгерістерді бір айда енгізіп аяқтауды көздеп отырмыз», - деді ол.

Министр көлігі барлардың бұл бағдарламамен көлік ала алмайтынын айтты.

Айта кетейік, осыған дейін бағдарлама бойынша 761 қазақстандық 18 секунд ішінде өтініш беріп, көлік алған болатын.