Павлодарда 100-ден астам саяжай учаскесі жанып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. «Яблонка» бау-бақшасындағы 35 шағын үйдің күлі көкке ұшты. Өрт 6 гектар аумақты шарпыған. Бағбандардың еңбегі зая кетті. Еккен егіні мен үй-жайлары жарамсыз болып қалды.
Игорь КУБАСОВ, САЯЖАЙ ИЕСІ:
Өрт айналдырған 15 минуттың ішінде айналаны күл талқан етті. Үйді тастап қаштық. Өйткені, құрғақ шөп болғандықтан, тілсіз жау тез тарады. Соның кесірінен үйім, қоршаулар, егіп қойған құлпынайлар мен гүлдерім бәрі жанып кетті. Енді маған шығынды кім өтеп береді.
Қазір келген шығын көлемі есептеліп жатыр. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Ал «Металург» бау-бақшасында болған өртке құрғақ шөпті жағу себеп болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 40 астам өрт сөндіруші мен 10 шақты техника жұмылдырылды.
Арман АРЫН, ҚАЛАЛЫҚ ТЖ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Өрттің себебі - қоқысты және құрғақ шөпті жағу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы. Осы факті бойынша бізде кінәлі адам ұсталды. ҚР Әкімшілік кодесінің 336-бабы бойынша жауапгершілікке тартылды.