Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде жедел жәрдем қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған 81 жастағы әжені аман алып қалды

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2023
  • 989

Өскемен қаласында жедел жәрдем қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған 81 жастағы әжені аман алып қалды.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, «103» жедел арнасы қоңырау шалған әйел анасының өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Бірден сол жерге жедел жәрдем қызметкерлері жолға шықты.

«Фельдшерлер Ерасыл Алтайұлы мен Тілеген Төлепбергенов үйге 10 минут ішінде келіп жетті. Тексеру кезінде 81 жастағы әженің жағдайы кенеттен нашарлап, жүрегі тоқтап қалған», - делінген ақпаратта.

Сол кезде жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Абырой болғанда, содан кейін әженің жүрегі қайта соғып, тыныс ала бастады.

Ауруханаға жеткізілген соң қарт кісінің жағдайы оңала бастады. Қазір оның көңіл-күйі жақсы.