Синоптиктер 4-6 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Солтүстік антициклон жотасы ықпалынан Қазақстанның басым бөлігіндегі жауын-шашынсыз ашық ауа райы қалыптасады, түнгі уақытта оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-7 градус үсік күтіледі.
"Еліміздің батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі - батыста жаңбыр жауады, 4-5 мамырда кей уақытта найзағай, бұршақ жауады, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде құмды дауыл болады деп болжанады", - делінген хабарламада.