2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, америкалық жеңіл атлет Тори Боуи 32 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Twitter-дегі Iconmanagement парақшасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Тори Боуи 4х100 метрлік эстафетадан Олимпиада чемпионы атанған болатын. "Біз Тори Боуидің қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Біз қымбат досымызды, қызымызды, әпкемізді жоғалтып алды. Тори чемпион болатын. Жарқырап жанған жарық нұры еді. Біз қайғыдан қан жұтып отырмыз. Оның отбасы мен достарымен бірге дұғадамыз", - делінген хабарламада.
Олимпиада алтынына бөлек, аталған төртжылдық додасында Тори 100 метрге жүгіруден күміс, 200 метрге жүгіруден қола медаль иеленген еді.
2017 жылы америкалық спортшы әлем чемпионы атанып, спринтерлер эстафетасында да топ жарды.