Русский Сайттың толық нұсқасы

"Аш болған": студент мұражайдағы 120 мың доллар тұратын өнер туындысын жеп қойды

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2023
  • 1069
Маурицио Каттеланның туындысы. Скриншот: Instagram / @shwan.han

Кореяның Сеул қаласында студент Leeum мұражайында Маурицио Каттелан есімді италиялық өнер адамының туындысын жеп қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN Style сайтына сілтеме жасап.

Сеул ұлттық өнер университетінің студенті қаладағы Leeum атты мұражайға барып, италиялық суретші Маурицио Каттеланның атақты туындысын - өнер тарихында аса танымал болған жапсырғышпен қабырғаға жабыстырылған бананға кезіккен. Алайда студент қолөнерді тамашалаудың орнына оны жеп қойды. Ол бұл әрекетке аш болғандықтан барғанын айтқан. Студент бананды жеп болған соң, қабығын қабырғаға қайта жабыстырып қойған. Кейін мұражай қызметкерлері қабықты жаңа піскен бананмен ауыстырды.

"Студент бананды аш болғандықтан жегенін айтқан", - деді мұражай өкілі.

Әйтсе де мұражай ешқандай шара қолданбайды, Маурицио Каттеланның жеке көрмесі өз жұмысын жалғастыра берді.

"Бұл күтпеген жағдай болған соң, ешбір шара қолданылмады. Мән-жайдың бәрі туындының иесіне хабарланған, бірақ ол бұған еш жауап қайтармады", - деді мұражай өкілі CNN арнасына берген сұхбатында.

Comediant қолөнері 2019 жылы желтоқсанда Арт Базель Майами жағажайында 120 000 долларға сатылғаннан кейін өнер тарихындағы ең жиі талқыланатын қолөнердің біріне айналды. Жұмыстың бірнеше данасы тіпті көрмеде сатылған.