Русский Сайттың толық нұсқасы

Сот үкімі шыққан Серік Күдебаевтың қазір қайда екені белгілі болды

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2023
  • 1251

Желіде бұрынғы генерал-майор Серік Күдебаевтың Астанаға ауыстырылатыны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметке құқық қорғау органдары түсінік берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құзырлы мемлекеттік органның мәліметінше, Күдебаев әлі Талдықорғанда.

“Талдықорған қалалық сотының Серік Күдебаевқа қатысты үкімі заңды күшіне енген жоқ. Қазіргі уақытта сотталушы Талдықорған қаласының №71 мекемесінде қамауда. Сотталған Серік Күдебаевты басқа мекемеге ауыстыру туралы бұйрық түскен жоқ”, – деп түсіндірді Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Талдықорған қалалық сотының үкімімен С.М. Күдебаев "қаңтар оқиғалары" кезеңінде ауыр зардаптарға (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) және азаптауларға (146-бабы 2-бөлігі) әкеп соққан билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, полиция генерал майоры арнайы атағынан айырыла отырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған.