Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев: Күштік құрылымдар жаңа талапқа сай болуы қажет

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2023
  • 1015

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңесте Күштік құрылымдар жаңа талапқа сай болуы қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Күштік құрылымдар жаңа талапқа сай болуы қажет. Қазір Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды. Сондай-ақ десанттық-шабуылдаушы әскердің қарым-қабілетін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Аумақтық қорғаныстың әлеуеті күшейтілуде. Азаматтық қорғаныс бөлімшелері құрылып жатыр. Арнайы жасақ бөлімдерін дамыту ісі тың қарқынмен жалғасуда. Осы жұмыстың бәрін уақтылы аяқтау керек. Олар біртіндеп қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуге тиіс".
Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің сөзінше, мемлекеттік органдардың тығыз қарым-қатынаста болуы өте маңызды. Сонда ғана біз кез келген қауіп-қатерге төтеп бере аламыз. Қуатты армия – тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі»

"Әскерді технологиялық жаңғыртуды жалғастыру қажет. Заманауи қару-жарақ пен техниканың, әсіресе, дәлдігі жоғары қару-жарақтардың, ұшқышсыз ұшақтар мен роботтық жүйелердің үлесін арттыру қажет. Әскерлердің ұтқырлығын арттыру үшін әскери-көлік авиациясы мен жауынгерлік машиналар паркін ұлғайту қажет. Маңызды міндет – озық ақпараттық жүйелер мен технологияларды енгізу. Шешім қабылдау тиімділігін арттыруға және жауынгерлік бөлімшелердің әлеуетін арттыруға ерекше назар аудару қажет. Бұл әскерлерді қолданудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді".
Мемлекет басшысы

«Армиямызды толыққанды қаруландыру мен жаңғыртуда отандық әскери-өнеркәсіптік кешен маңыздрөл атқаруға шақырылған. Үкімет әскери өнімдер мен қызмет түрлерін кеңейту үшін барлық шараларды қабылдауы керек. Тағы бір кезек күттірмейтін міндет – зауыттық және әскери жөндеу мүмкіндіктерін арттыру. Бұл бағытта біздің әлеуетіміз зор».