Қазақстан
ғаламдық бәсекелестік индексінде көрсеткіштерін төмендетіп алды. 11 сатыға түсіп, 53 орынға тұрақтады. Ал
өткен жылы 42 орында болған еді. Бұл ақпарат 2016-17 жылдарға 138 елдің
экономикасын зерттеген есепте көрсетілді. Халықаралық экономикалық форумда
еліміздің көрсеткіштерінің төмендеуі мемлекеттік қаржыландырудың мұнай
экспорттаудан түсетін кірісінің азаюымен байланысты деп болжанды. Елдегі
макроэкономикалық жағдай және әлеуметтік сала мен бастапқы білім берудегі субиндекс
бойынша 62, ал еңбек, тауар, қаржылық нарық пен жоғарғы білім тиімділігін
арттыруда 50, «Инновация және жетілдіруде» 76 орынға табан тіреген. Ал
бизнестің дамуына кедергі келтіретін факторлардың негізгі үштігін құнсызданудың
деңгейі, салықтық мөлшерлеме және жемқорлық құрап отыр.