Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда мопед жүргізушісі автобусқа оқ атты

Алматыда мопед жүргізушісі автобусқа оқ атты. Оқиға қаланың Түрксіб ауданында болды.

Жолда жүргізушілердің арасында жанжал туындаған көрінеді. Нәтижесінде мопедті тізгіндеген азамат қоғамдық көліктің әйнегіне пневматикалық тапаншадан оқ атып, оқиға орнынан қашып кетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Мопедистің жеке басы анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша тергеу амалдарын Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі жүргізуде.