Русский Сайттың толық нұсқасы

ОПЕК жиыны нәтиже бермеді

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2016
  • 2822

Мұнай бағасы 3% құлдырады. Brent маркілі қара алтын барреліне 45,73 долларды құрады. Ал WTI 44,38 доллларға тұрақтады. Қара алтынның арзандауы Иран мен Саудиттердің мәлімдемелерінен кейін байқалды. ОПЕК мүшелері олар бір келісімге келіп қалуы мүмкін деген мәлімдеме тартақан. Бірақ бүгін Алжирде өткен ОПЕК елдерінің кезекті кездесулері тағы да нәтиже бермеді.

Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид аль-Фалих бір шешімге келе алмайтындарын алдын ала болжаған. Бұл жөнінде Рейтерс хабарлайды. Министрдің сөзінше, ірі мұнай өндіруші елдердің қара алтын өндірісін бір деңгейде ұстап тұру жөнінде көзқарастары бір арнаға тоғыспай отыр. Иранның мұнай министрі Бижан Зангане ешқандай келісімге қол қоймайтынын кесіп айтты. Ресми Тегеран өндірісті санкцияға дейінгі көрсеткіштерге жеткізбек. Яғни тәулігіне 4 миллион долларға дейін. Алайда бұл шешім Эр-Риядқа жақпай отыр. Саудиттер нарықтағы өз үлесін бергісі жоқ. 

Жиында белгілі болғандай, бүгін мұнайдың әлемдік қорлары толып, 3 миллиард баррельді құрап отыр. Сондықтан сарапшылар мұнай бағасы әлі де тұрақтай қоймайды деген пікірде. Айта өтейік, ОПЕК елдерінің келесі отырысы қараша айында Венада өтеді. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА