Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның өзбек және қырғыз шекараларында кептеліс туындады

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2023
  • 1021

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазақ – өзбек және қазақ –қырғыз шекараларындағы адамдар мен көлік кептелісіне түсінік берді.

«Шекара қызметі шекараның Қазақстан – Өзбекстан және Қазақстан – Қырғызстан учаскесіндегі өткізу пунктерінде жолаушылар ағынының ұлғаюы себебінен адамдар мен көлік құралдарының шамадан тыс жиналуы байқалатынын хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктері мереке және демалыс күндерін ескере отырып, штаттық режимде жұмыс істейді және Шекара қызметінің қызметкерлерімен қосымша күшейтілді.

Өткізу қарқыны мереке күндеріне сәйкес деңгейлерде.

Халықаралық сапарларды жоспарлау кезінде көрсетілген ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз, - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, 7 - 9 мамыр аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жұмыс жасамайды.