Русский Сайттың толық нұсқасы

Белгісіз ұшақтар Сириядағы бірқатар нысандарға соққы жасады

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2023
  • 1071

Сирияның оңтүстігіндегі Иордания шекарасындағы бірқатар нысандарға белгісіз ұшақтар соққы берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu-ға сілтеме жасап.

Сириялық Дераа белсенділерінен алынған ақпаратқа сәйкес, белгісіз ұшақтар Сувейда провинциясындағы Шиааб ауылында Башар Асадтың бақылауындағы екі нысанға соққы берді. Әуе шабуылы жергілікті уақыт бойынша 03:48-де болды.

Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, соққыға ұшыраған нысандарда есірткі өндірісі жүзеге асырылған.

Дереккөздерге сәйкес, "Дераа провинциясының батыс бөлігіндегі Хараб Шахим ауылындағы әйгілі есірткі саудагері Мери Әл-Ремсанның үйіне де соққы жасалды".

Асад режимі әзірге әуе шабуылына қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Оқиға үшін жауапкершілікті ешкім өз мойнына алған жоқ. Иордания билігі де түсініктеме беруден бас тартты.