Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда қозы қырылып жатыр

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2016
  • 3663

Атырауда тағы да мал қырылып жатыр. Бұл жолы шопан атаның төлі дертке шалдыққан. Оқиға аймақтағы Ойыл селолық округіне қарасты «Жас қайрат» шаруашылығында тіркелді. Онда 400-дей бас қозы қырылып, тағы 100-ден астамының жағдайы нашарлаған.

Саламат Сабыр, Атырау облыстық әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы:

Бүгінгі таңда 376 қозы өліп отыр. Қозылардың ауру себебі - негізінен жазғытұрым ылғал көп түсіп, сызды жерде жатып қалуы. Қазіргі кезде ішкі құрылысына жазғытұрым тиген салқын қазір әсер етіп, өлуі орын алып отыр. Сараптамадан кейін қойылып отырған қосымша диагноз - пастереллез.

Жағдайға байланысты аталған ауылдан мал етін өткізуге уақытша шектеу қойылған. Баспасөз хатшысының хабарлауынша,  басқа мал шаруашылықтары мен  жеке тұрғындардың ұсақ малы аурудан аман. Айта кетейік, Атырауда  мамыр айының аяғында  6 мыңға тарта  ірі қара  нодулярлы дерматит ауруына шалдығып, оның 600-дейі өліп қалған болатын.