Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2023
  • 948

Қазгидромет мамандары 10 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 10 мамырда түнде найзағай болады.

 Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр болады. Күндіз облыстың батысында найзағай болады, облыстың солтүстігінде бұршақ болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз батысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 10 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Қостанай облысының орталығында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі болады. Қостанай қаласында 10 мамырда күндіз найзағай болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.