Русский Сайттың толық нұсқасы

Суданда 700 мың адам үйлерін тастап кетті

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2023
  • 716

Суданда қарулы қақтығыс кесірінен 700 мыңдай адам үйлерін тастап, бас сауғалап кетті. Мұны Халықаралық миграция ұйымы мәлімдеді. Оның дерегінше, әзірге 150 мыңдай тұрғын көрші елдердің аумағына өтіп кеткен,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Суданда үкімет әскері мен жедел қолдау күштері арасында билік үшін шайқас сәуірдің ортасында басталды. Содан бері 600-ден астам адам қаза тауып, тағы 5 мыңдайы жараланған.