Русский Сайттың толық нұсқасы

"Түр-әлпетіне қараймыз". Еркектер ұрығын тапсыру арқылы қанша ақша таба алады?

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2023
  • 1326

Елімізде ер-азаматтар ұрығын сата алады. Бірақ оның белгілі бір ережелері бар. Бұл туралы дәрігер, репродуктолог Аяулым Қосетова "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, тек 18-35 жас аралығындағы ер-азаматтардың ұрығы ғана сатып алынады. 

"18 – 35 жас аралығындағы дені сау еркектерден алынады. Алдын- ала тексеріледі. ВИЧ, анализдер одан өзге уролог мамандар тексереді. Егерде шәууатының көрсеткіші жақсы болған жағдайда ғана донор бола алады. Келген ер-азаматтар тек бір немесе екі рет қана тапсырады" , - дейді дәрігер.

Егер донор боламын десеңіз, сіздің сыртқы келбетіңізге қарайтынын ескеріңіз.

"Сыртқы келбетіне міндетті түрде қараймыз. Өте әдемі болуы керек. Бойы, бет-әлпеті, дене бітімі, барлығына қараймыз. Өте қысқа бойлы, сырт келбеті сай келмейтіндерді донорлыққа алмаймыз". Донордың кішкентай кездегі ғана суреті болады. Ал бірақ анкетеда оның бойы, білімі, салмағы тіпті руына дейін жазылып тұрады. Жалпы орталыққа келіп тапсырғаны үшін оған 35-40 мың теңге беріледі" , - дейді маман.