Русский Сайттың толық нұсқасы

БЖЗҚ зейнетақы жинағына қатысты мәлімдеме жасады

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2023
  • 912

Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинағын ең төменгі жеткіліктілік шегіне қарамастан алуға болатыны жайында ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

БЖЗҚ бұл ақпараттың жалған екенін ескертті.

"Заңнамаға сәйкес, жинақталған зейнетақы жинақтарын үй жағдайын жақсарту мен емделуге мерзімінен бұрын тек зейнеткерлер, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азаматтар және қазіргі уақытта жұмыс істейтін және зейнетақы шотында ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражаты бар азаматтар ғана пайдалана алады", – делінген хабарламада.