Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, бір адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2023
  • 982

Ақтауда 9 шағынаудандағы тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, үш адам зардап шекті. Бір адам қайтыс болды.

Зардап шеккен екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Жағдайлары тұрақты.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.