Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мүлік иелері бірлестігі тиісті деңгейде жұмыс істемейді»,- М.Әшімбаев

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2023
  • 1266

Елімізде мүлік иелері бірлестігі тиісті деңгейде жұмыс істемейді. Салдарынан тұрғындар арасында келіспеушіліктер жиі болады. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбев айтты. Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бірлестіктің жұмысын сынға алған еді. Енді депутаттар тұрғын үйлерді басқарудың неғұрлым тиімді тұсын қарамақ.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Алдағы кезеңде біз жалпы мүлік иелері бірлестігі туралы заң жобасына қайта ораламыз. Осы орайда кейбір мәселеге қатысты өзгертулер болуы мүмкін. Атап айтқанда, өзгеріс енгізетін қадамдарды халықпен, тұрғындармен, қоғам белсенділерімен ақылдасу керек. Сондықтан тиімді болатындай тұрғын үйлерді басқарудың қандай да бір түрін қабылдау керек.

Әзірге жаңа өзгерістердің нақты қашан енгізілетіні белгісіз. Бірақ төраға жыл соңына дейін заңның қабылдануы керек екенін айтты. Ұсыныстар әлі де пысықталады.