Русский Сайттың толық нұсқасы

McDonald's баланың аяғы ыстық наггетстен күйіп қалғаны үшін кінәлі деп танылды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2023
  • 892

Happy Meals-тың ыстық наггетсі кішкентай қыздың аяғына құлап, содан екінші дәрежелі күйік алды. Сол себепті McDonald’s балаға және оның анасына өтемақы төлейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 2019 жылы болған. Қыздың анасы Филана Холмс өзінің ұлы мен аутизммен ауыратын 4 жасар қызына McDonald’s-тан Happy Meals сатып алды. Балалар мұны көлікте отырып жеген. Біраз уақыттан кейін қыз айқайлай бастады. Анасы көлікті тоқтатып, қызының аяғы күйгенін көрді.

Әйелдің адвокаты наггестің температурасы 93 градустан жоғары екенін мәлімдеді, ал компания қорғаушысы оның 71 градустан аспағанын айтты.

Сот шешімі екіге бөлінді. Алайда қазылар алқасы франчайзиді немқұрайлылығы үшін және клиентке тамақтың ыстық екенін ескертпегені үшін, ал McDonald's-ты тағамды өңдеу бойынша нұсқаулар бермегені үшін жауапты деп тапты.

Бастапқыда сот талапкерге шамамен 3 миллион доллар (бір миллиард 345миллион 530 мың теңге) төлеуге міндеттеді, бірақ апелляциядан кейін Филана Холмс аз сомаға келісті. Нәтижесінде зардап шеккен қыздың анасына қанша төленгені жария етілмеді.