Русский Сайттың толық нұсқасы

"Алтын белгі" үміткерлері емтиханды өз мектептерінде тапсыратын болды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2023
  • 3245

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "Алтын белгіге" үміткерлер үшін қорытынды емтихандарды өз мектептерінде өткізу туралы бұйрыққа қол қойылғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазіргі әлемдік білім - бұл экономикалық, мәдени және идеологиялық факторларға негізделген үнемі өзгеріп отыратын жүйе. Мемлекет сапалы білім берудің мықты іргетасын қалау және талантты балаларды қолдау үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда. Бізге келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды ескере отырып, сарапшылармен кеңесіп, министрлік биылдан бастап "Алтын белгі" үміткерлері алдағы уақытта өздерінің білім орнында мектеп бітіру емтихандарын тапсырады деген шешім қабылданды. Біздің оқушыларымыздың моральдық қағидаттары жоғары екеніне және емтихан тапсыру кезінде академиялық адалдықты сақтайтынына сенімдімін. Сіздерге өз мақсаттарыңызға жетуде табандылық тілеймін", – деді министр "Алтын белгі" аттестатына үміткер түлектерімен кездесуінде.