Русский Сайттың толық нұсқасы

Жекешелендірудің екінші кезеңі туралы есеп тыңдалды

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2016
  • 2564

«Қазақфильмнің» құны қанша? Бүгін жекешелендірудің екінші кезеңі бойынша есеп беруге жиналғандар 49 пайызы сатылымға шығатын киностудияның бағасы әлі белгіленбегенін айтты. 2016 жылдың 26 қыркүйектегі жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 509 нысан шығарылып, оның 314-і сатылды. Оның шінде республикалық меншік бойынша 19, коммуналдық меншік бойынша 157, әлеуметтік - кәсіпкерлік одақтар бойынша 81, холдингтер бойынша 57 нысан сатылған. Саудадан түскен қаражаттың 7 миллиард теңгесі республикалық бюджетке, 5.1 миллиарды облыстық бюджеттерге, 68,1 миллиарды холдингтерге таратылады. Ал шетелдіктер тарапынан бір ғана сауда жасалған. Ал саудаға шығарылады дегеннен халық қарсы болған «Қазақфильмнің» бағасы әлі белгіленбесе керек.

Дәулетбай Шағыров, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басқарма басшысы:

Стратегиялық инвестор тауып, оның жұмысын одан әрі дамытып көтеру мақсатында ғана сатуға шығарылып отыр. Оның сатылатын көлемі 49 пайызы ғана сатылады. Оның бағасы әлі қойылған жоқ. 

С. ОМАШ