Алматының
электр жүйесіне жауапты ірі кәсіпорындары жекенің қолына өтсе, тариф қымбаттауы
мүмкін. Бұл туралы "Алатау жарық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының
кеңесшісі айтты. Алматыдағы үш энергокешеннің акцияларын сату 2015 жылға
жоспарланған еді. Алайда «Самұрық Энерго» реттеуші компаниясы бұл шаруаны тағы
да кейінге қалдырып отыр, дейді энергетиктер. Ришат Асқарбекұлы толықтырады.
Алматыға
электр тасымалдаушы «Алатау жарық команиясының» биылғы қаржылық айналымы 30
млрд теңгеден асқан. Мамандардың айтуынша, бұл кәсіпорынның таза табысы. Десе
де «Самұрық Энерго» компаниясы қаладағы үш кәсіпорынды өткен жылы жекешелендіру
тізіміне енгізді. Олардың сапында «Алматы электр стансалары», «Алматыэнергосбыт»
мекемелері де бар. Алайда белгісіз себептермен бұл процесс шегеріліп келеді.
Есберген
Әбітаев, "АЖК" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі:
Біздің
естуімізше, АлЭС пен АЖК-ны жекешелендіру келесі жылға қалдырылады. Бұл негізі
оңай сұрақ емес. Бұрын Алматыда «Трактабэль» энерго жүйені, сосын Екібастұз-1
станциялары жекешелендірілген болатын. Бірақ одан ешқандай жақсылық болған жоқ
қой. Президент те, жаңа Үкімет басшысы
да тарфті көтермеу керек деп отыр. Егер тариф болмаса, мұнда ешкім ақша
салмайды.
Энергетиктер
қаланың энергокешені биылғы қысқа дайын деп мәлімдеді. Алдағы қыста маңызды
спорттық шара- Универсиада өтеді. Алайда негізгі спорттық нысандарға электр
қуатын жеткізіп беретін қосалқы станциялар тексеруден өткен. Соңғы он жылда
қалада 31 қосалқы жаңа бекет пайдаланылуға берілді. Соның есебінен желідегі
электр шығыны біршама азайған.
Мұхит
Үмбетов, «АЖК» АҚ басқарма төрағасы:
2002
жылы нормативтік потеря 28 пайыздан артық болатын. Міне, биыл монополияға қарсы
агенттіктің мәліметі бойынша, оны біз 14 пайызға азайттық. Сонда потеря 50
пайызға түсті.
Электр желісін оңтайлы пайдалану үшін жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар үшін
автоматтандырылған электр қуатын есептеуіштер орнату қызу жүріп жатыр. Қазірдің
өзінде шаһарда 130 мың абонентке осындай қондырғылар орнатылған. Бірақ қала
үшін энерготапшылық мәселесі толық шешімін таппай отыр. Қазір Алматы электр
қуатының 68 пайызын өзі өндіреді. Ал қалған 32 пайызы сырттан тасымалданады.
Алматыдағы
үш бірдей жылу электр орталығы мен Қапшағай су электр стансасы қуаттың 68
пайызын береді. Екібастұз электр стансасынан 260 мВатт, Мойнақ стансасынан 240
мВатт, ал Жамбылдан 30 мВатт электр энергиясын алу арқылы қалған 32 пайызды
жауып отыр.
Ришат
Асқарбекұлы, тілші:
Үкімет
монополистерге тарифтерді мүмкіндігінше көтермей, ұстап отыруға тапсырма
берген. Бірақ кәсіпорындар Алматыда осыдан 30-40 жыл бұрын тартылған 2 мың
шақырымға жуық электр желісін ауыстыруға қосымша инвестиция тартуға мәжбүр.
Өйтпеген жағдайда жоғарыда айтылған энергошығындар мен жаңғырту жұмыстарын
жүргізу кешеуілдей бермек.
Ришат
АСҚАРБЕКҰЛЫ