Русский Сайттың толық нұсқасы

Желілік әскери қақтығыс қатысушыларының әлеуметтік көмегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестірілді

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2016
  • 3458

Шетелдік соғыс ардагерлері Қазақстан аумағында тегін медициналық қызмет алу мүмкіндігіне ие болды. Заңға тиісті өзгерістер енгізген заң жобасын бүгін Парламенттің жоғарғы палатасы қабылдады.

ТМД елдері "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану" келісімін сонау 1994 жылы қабылдапты. Оған басқа мемлекеттің аумағында ұрыс қимылдарына қатысушылар мен қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары да енген. Ал өткен жылы Душанбеде аталған әлеуметтік топқа жататын ардагерлерге ТМД аумағында тең жеңілдіктер мен жәрдем беру туралы хаттамаға қол қойылған. Бүгін сенат қабылдаған заң жобасында бұл топқа Кеңес одағы әскерінің қатарында 1951 жылға дейін түрлі әскери операцияларға қатысқан, сондай-ақ Лаос, Мозамбик пен Ауғанстан оқиғаларының ардагерлері қосылды.

Владимир Редкокашин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Келісімді қабылдар кезінде жеңілдіктер түрі бойынша әртүрлі көзқарас болды. Жекелеген мемлекеттер, мысалы, Беларусь әлеуметтік төлемдерді азық-түлікпен берді. Бүгін көптеген мемлекеттер бір ойға тоқтап, көмекті ақшалай беруді заңмен бекітті. Осы тәсіл ең нәтижелі деп ойлаймын.