Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысындағы мұнай базасындағы алапат өртке оның басшысы кінәлі болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2016
  • 2413

Жамбылдағы жарылыстан жапа шеккен жұмысшының үшіншісі де қаза болды. Қайғылы хабарды Денсаулық сақтау басқармасы таратты. Ал сол Меркі мұнай базасындағы апатқа қозғалтқыш насосынан шыққан ұшқын себеп болғанын Облыстық ішкі істер департаментінің мамандары айтты.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы:

Аталмыш дерек бойынша, өрт-жарылысқа қатысты техникалық сараптама тағайындалды. Алдын-ала болжам бойынша, жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш насосынан өрт шыққан. Тексеріс барысында жұмысшылар арнайы қорғанысы бар киімдер кимегені анықталды. Жеке кәсіпкер Исабековке тіркелген мұнай базасының басшысы өз кінәсін толығымен мойындады. Ол өрт қауіпсіздігін сақтамағанын және еңбекті қорғау талаптарын бұзғанын толық мойындап отыр. 

Дегенмен, оған қатысты қандай жаза қолданылатынын сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң ғана белгілі болмақ. Еске салайық, Меркідегі мұнай базасы отқа оранып, үш адам зардап шеккен болатын. Бұған дейін екеуі ес жимастан көз жұмған еді. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ