Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының өкілдері «Оралагрореммаш» бастауыш партия ұйымымен кездесті

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2016
  • 3191

Батыс Қазақстан облысындағы бастауыш партия ұйымдары игі істердің ұйтқысына айналып отыр. Бүгін бастауыш партия ұйымы күні аясында «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының қызметкерлері «Оралагрореммаш» АҚ бастауыш партия ұйымымен кездесті. Мұндағы мақсат - кәсіпорындағы бастауыш партия ұйымының жұмысы, ұйымның құрамы және жұмыс барысында туындаған мәселелермен танысу.

Нұротандықтардың сөзінше, бастауыш партия ұйымдары «Нұр Отанның» негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналды. Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдаулары мен бағдарламаларын жүзеге асыруда осы ұйымдардың рөлі ерекше екенін айтып келеді. Батыс Қазақстан облысында 33 мың 431 адамды біріктіретін 271 ұйым жұмыс істейді, оның 64-і Орал қаласында. Кез-келген мәселелерді жедел шешу барысында осы әлеуетті күшті тиімді пайдалануымыз керек, дейді нұротандықтар.

Кенжалы Төремұратов, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі:

Облыс бойынша 271 бастауыш партия ұйымдары бар. Олар енді өздеріңізге мәлім, жер-жерде орналасқан - аудандарда, қалада. Сондықтан әр БПҰ өздері орналасқан жерлердегі партиялық жобаларға белсене араласып, осы жобалар бойынша жұмыстарын атқаруда. Мәселен, "Ардагерлерді ардақтайық", "Бақытты балалық шақ", "Сәтті қадам", т.б. жобалар.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының 33 мыңнан астам мүшесі бар. Биыл олардың қатары 7 мыңнан астам адаммен толыққан. Олардың тең жартысы жастар. Мәселен, «Оралагрореммаш» АҚ-дағы бастауыш партия ұйымының қатары жастармен толығып келеді. Қазір мұнда жүзге тарта адам партия құрамына қабылданған. Жас буын өкілдері партия жүктеген міндетті орындауға белсене ат салысатынын жеткізді.

Ернар Исқазиев, «Агрореммаш» АҚ менеджері:


Мен «Нұр Отан» партиясына мүшелікке өткенімен қуаныштымын. Енді қариялар мен ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасылар мен жетімдерге партияның түрлі жобалары бойынша көмек көрсетеміз. 

Еркін КАРИН