Қытайдың ірі қалаларында аптап ыстықтан абай болуға кеңес беріліп отыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Ел астанасы Бейжіңде, шығыстағы Шандунь, солтүстіктегі Цзинань және Тяньцзинь, орталықтағы Чжэнчжоу провинцияларында ауаның температурасы 36-37 градусқа көтерілетіні хабарланды. Ал, Шанхайда сынап бағанасы екі күннен бері 30 градустан төмендемей тұр. Сондықтан, миллиондаған адам салқындатқыш құрылғылар қосып, елдің энергия жүйесіне салмақ түсіріп жатыр. Сонымен қатар, қуаңшылықтан өзендер тартылып, егістік алқаптары қурап, инфляция шарықтайды деген болжам бар. Бұның нәтижесінде коронавирус пандемиясынан енді ғана ес жиып келе жатқан экономиканың өсімі қайта тежелуі мүмкін.
Ма Цуань, Шанхай тұрғыны:
Алдыңғы жылдарға қарағанда күн тезірек ысып бара жатқан тәрізді. Ол кезде баламен серуендеу жақсы еді. Өйткен күн осынша қайнап тұрмайтын Қазір далаға шықсаң терлей бастаймын. Жаз бізге мерзімінен бұрын жеткен сияқты.