Орман алқаптары аумағында демалатын азаматтардың санын шектеу бойынша заңнамалық мүмкіндікті белсенді пайдалану қажет.
«Бірінші, әкімдіктер елдімекендерде өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құрылымдарды ұйымдастыру жұмысын жалғастыруы қажет. Екінші, экология министрлігі, жергілікті атқарушы органдар өткен жылғы тәжірибені ескере отырып, өрт қаупі жоғары жерлерде қосымша бақылау бекеттерін қоюы тиіс», - деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министр жаз айларында табиғат аясындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салу, сондай-ақ қажет болған жағдайда, орман алқаптары аумағында демалатын азаматтардың санын шектеу бойынша заңнамалық мүмкіндікті белсенді пайдалану қажеттігін баса айтты.
«Үшінші, Төтенше жағдайлар, Ақпарат министрліктері мен әкімдіктер өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесі бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуі тиіс», - деген Әлихан Смайылов бұл тапсырмаларды үйлестіруді бірінші орынбасары Роман Склярға жүктеді.