Павлодар облысында қорадағы қойды қасқыр тектес иттер қырып кеткен. Бұл туралы ветеринария басқармасының мамандары хабарлады. Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Ақсу қаласына қарасты Үштерек ауылында қойларды белгісіз жыртқыштардың талап тастағанын көрсеткен болатынбыз. Бұны иелері қасқыр шабуы мүмкін деп болжаған. Алайда, мамандар бұлардың қасқырдан кем емес екендерін айтады. Өйткені, торға қамап ұстаған жануарлар бір-бірін жеп қойған. Бұндай жаға ұстатарлық қылық тек қасқыр ғана тән деп отыр. Ветеринария басқармасының мәліметінше, жабайы иттер 3 ауылдың малына шапқан. Ұзын саны 200-дей ұсақты қырып кетіпті. Жыртқыштарды іздеу кезінде 15 иттің көзі жойылған. Десе де, түз тағысы әлі көп болуы мүмкін дейді.
Ержан РАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
4 күшігін ұстағанбыз жабайы иттердің. Торға қамап, басқа иттер келе ме деп соларды ұстаймыз ба деп. Таңертең келсек жыртқышқа деген тән қылықтары қасындағы екі әлсіз күшікті ана екі күшік жеп талап тастаған. Кеміріп тастаған. Сондықтан, әлі қауіп сейілген жоқ деп ойлаймын.