Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен әжей үш күннен кейін әлсіз күйде табылды

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2023
  • 1073

13 мамырда Панфилов ауданында үйінен шығып кеткен зейнеткерді іздеу шаралары үш күннен астам уақытқа созылды. Әбден қажыған 72 жастағы әйел өзінің туған Лесновка ауылынан 15-20 шақырым жерде ескі әскери полигонның жанынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер қарт әйелді іздеу жұмыстарына туыстарынан бөлек еріктілерді, шекарашыларды және жергілікті халықты, барлығы 100-ге жуық адам тартты.

"Іздестіру тобының бірі қалың тоғай арасынан әжейдің орамалын тауып, іздеу бағытын анықтай алды. Жалғыз өзі жүрген әйелді жергілікті шопандар байқап, оның ізіне түсіп келе жатқан іздеушілерге хабарлаған. Тамақ пен сусыз ол қатты әлсіреп қалған", делінген полиция хабарламасында.

Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін туыстары оны үйіне алып кеткені де нақтыланады.