Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы ұсталды

Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева ұсталды. Антикор оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Әлия Қожабаева бұл қызметке 2020 жылы тағайындалған. Құзырлы органның ақпаратынша, қазір тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейін басқа мәліметтер жарияланбайды.