Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда такси жүргізушісі жетінші сынып оқушысына қол жүгірткен

Атырауда такси жүргізушісі көлік ішінде жетінші сынып оқушысына тиіскен. Бұл туралы қыз бала анасына айтып беріп, анасы дереу полицияға хабарлаған.

37 жастағы қала тұрғыны оқушының қолынан ұстап, бетінен сүйгенін мойындапты. Бірақ онысын өз қызы секілді қарадым деп ақталған. Оның жолаушы қызға жасаған әрекетін қалалық полиция «ұсақ бұзақылық» ретінде бағалап, сотқа жолдапты. Алайда сот қылмыстық іс-әрекет белгілерінің болуына байланысты істі тоқтатқан. Енді бұл оқиғаға қатысты полиция Қылмыстық Кодекстің «көрнеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау» бабымен тергеуді бастады. Егер еркектің азғындық әрекеті дәлелденсе, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін. Айта кетейік, бөтен біреудің көлігін жалға алып, нәпақа тауып жүрген такси жүргізушінің алты баласы бар көрінеді.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда 7-сынып оқушысына қатысты такси ішінде болған оқиғаға байланыстықылмыстық істің ҚК 124 І-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған жасөспірімге атысты қазір сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сараптаманың қорытындысына байланысты және куәгерлердің, күдіктінің , жәбірленушілердің жауаптарына байланысты процесуалдық шешім шығарыатын болады.