Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жыл сайын 300-ден астам адамнан ВИЧ инфекциясы анықталады

Елімізде ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 30 мыңнан асады. Бұл көрсеткіш жыл өткен сайын артпаса, азаяр емес. «Ғасыр дерті» атанған бұл вирустың алдын алу мүмкін бе? Қауіпті аурумен күресіп жүргендермен әріптесім Ақбота Базарбай тілдесті.

Айнұр аты жаман ауруды 21 жасында бірінші күйеуінен жұқтырған. 15 жылдан бері қатерлі инфекциямен күресіп келеді. Бойымда ВИЧ барын тұнғышымды дүниеге әкелген кезде білдім дейді. Қазір ол екінші рет тұрмысқа шыққан. Сүйген жары да осы аурумен ауырады. Жұбайлар өмір үшін күресуді тоқтатпады, күні бүгінге дейін тұрақты түрде ем қабылдап келеді. Қазір олардың бір ұлы бар. Бала сап-сау.

Айнұр, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Күйеуім учетта Алматыда тойға дейін 5 был тұрған екен. 6 айға дейін алған анализдерден көрсетілмегені ол кезде вирус оянбаған болу керек. 6 айлық болып туылғаннан кейін, босанғаннан кейін анықталды. Құлақтың азанда лимфоузлиы ісіп кетеді. Ұйқы бездері дейді ғой. Сол ісіп кетеді. Одан қалды, адам тұмауратып, жиі ауыра береді.

Негізінен ауру жыныстық қатынас, инекция мен қан арқылы жұғады. Ананың сүтімен балаға да беріледі. Астанада қазір СПИД-пен ауыратын 2 мыңға жуық адам диспанцерлік есепте тұр. Оның ішінде кәмелетке толмаған 18 бала бар. Бұл - ресми мәлімет. Бейресми статистика одан әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Жантуар КӨКЕТАЙ, СТУДЕНТ:

Дер кезінде тексерілу керек. Инфекцияға тест тапсырып, салауатты өмір салтын сақтау, жыныстық қатынастардан абай болу керек. СПИД қазір тез таралып жатыр, мен өзім бұл дерттен қатты қорқамын. Сондықтан жылына бір рет болсын тексерілген дұрыс.

Тексеріс тегін. Бірақ оған құлық танытатындар аз дейді мамандар. Соның өзінде жыл сайын Астана бойынша 300-ден астам адамнан ВИЧ инфекциясы анықталады.

Жанна АЙТМАҒАНБЕТҚЫЗЫ, ЖИТС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Өкінішке орай, бұл инфекцияның алдын ала егетін вакцина, немесе ағзаны толықтай тазартатын дәрі әлі ойлап шығарылған жоқ. Бірақ қазіргі заманауи антиретри вирустық препараттардың арқасында организмдегі вирустың мөлшері анықталмайтын деңгейге дейін жетеді. Бұл дегеніміз АИТВ жұқтырған адам екінші адамға жыныстық қатынас арқылы берілмейді. Бұл факт, бұл уже ғылыми дәлелденген.

Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде дүниежүзі СПИД-тен қайтыс болған адамдарды еске алады. Бұл қоғам назарын аударып, аты жаман дерттің алдын алу мақсатында ұйымдастырылады.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Осы дертті жұқтырғандардың көбі бәрі бітті деп ойлайды. Себебі, ішке түскен вирус сенің өмір сүруге қабілетті талшықтарыңды бірте-бірте жей бастайды. Әлсіздік басып, түрің кетеді, ішің ғана емес сыртың да бүлінеді... Жо-жоқ бұл менің түрім емес, мен қазір тұрып, өзіме лайық әдемі өмір сүремін. Қалай болса да олардың барлығы ел қатарлы өмір сүруге құқылы. Сондықтан жұқпалы дертке шалдыққандарды өзекке теппей, өзімізге жақын тартып, қоғамға қосу баршамызға ортақ міндет.