Русский Сайттың толық нұсқасы

Әли Оқапов ерекше видеосымен бөлісті

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2023
  • 1902

Танымал әнші Әли Оқапов отбасымен түскі ас ішіп отырған видеоны бөлісіп, жұртты сүйсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл видеоны ол Instagram-парақшасында бөлісті. Онда анасы Роза Розымбаева, әйелі Ақерке Бүркітбай, інісі Мәди Рымбаев және басқа туыстары бірге түскі ас ішіп отыр. 

"Бүгін Зейін Әлиұлы 3 айға толды. Әжесін, әпкелерін, ағасын, ата-анасын бірге тойлауға шақырды. "Бас тарту қабылданбайды" деді", - деп жазған өнер иесі видео сипаттамасына. 


Желі қолданушылары өнер иесінің отбасына сүйсініп, түрлі пікір қалдырған. 

"Тіл-көзден аман болыңыздар. Әли - өте қарапайым жігіт. Анаңыз төріңізде отыра берсін", "Әйелге еркектің махаббаты керек емес, балалары қасында болса болғаны. Қандай күшті көрініс. Ана мен бала махаббаты өлшенбейді", "Оо, күшті, Роза апайдың немересі көп болсын", "Көз тимесін, анасын, әйелін сыйлап, төрге отырғызып отыр", - деп жазған олар.