Русский Сайттың толық нұсқасы

Арна тілшісі қоғамдық орындардағы қауіпсіздік деңгейін байқамақ

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2016
  • 3497

Елдегі халық көп шоғырланатын 5 мың қоғамдық орын тексерілгенде, 74 пайызының терористер шабуылына дайын еместігін Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеген. Ол жерлердің күзеті адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауқарсыз екеніне біздің арна тілшілерінің де көзі жетті. Астанадағы ірі сауда орындарында кедергісіз түсірілім жасағаны өз алдына, күзетшілердің  артық сауал қоя алмайтынын байқады.

Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қай деңгейде? Арнайы репортажды ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар!