Русский Сайттың толық нұсқасы

Тайландта катер апатынан 3 қазақстандық зардап шекті

Тайландта катер дабыл мұнарасына соғылып, 35 адам зардап шекті. Арасында 3 отандасымыз бар. Оқиға жағалаудан 100 метр қашықтықта болған. Алдын-ала болжамдар бойынша капитанның немқұрайлығы себеп болуы мүмкін. Жапа шеккендердің барлық медициналық шығындарын катерге иелік ететін компания мойнына алған. Сыртқы істер министрлігі отандастарымызбен байланыста екенін айтты.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тайландтағы Қазақстан консулының ақпаратына сәйкес, катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың үшеуі медициналық көмекті қажет етті. Дәрігерлер қарағаннан кейін екі отандасымыз ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты, денсаулықтары мен өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ.