Русский Сайттың толық нұсқасы

Кітапханашылардың жалақысы қашан өседі?

Кітапханашылардың жалақысы төмен. Көбіне еңбегі еленбейтін сала мамандары мәртебесінің артқанын қалайды. Олар «мұғаліммен бірдей жұмыс істесек те еңбекақымыз әлдеқайда аз» дейді. Бұл мәселенің көтеріліп келе жатқанына біраз уақыт болды. Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі бұл мәселенің жақын арада шешілетінін айтып қуантты.

Мадина АБДУЛЛАЕВА, Ә.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:

Азанда 9-да кіргеннен кітапханаға кешкі 8-ге дейін жұмыс істейміз. Уақытпен санасып жатқан кітапханашы жоқ деп айтамын. Біз келген оқырманды үлкен болсын, кіші болсын кітаппен тәрбиелейміз.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткізілген шарада осындай өзекті мәселелер талқыланды. Мамандарды қолдау мақсатында өткізілген жиынға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов арнайы келді. Өңірлерден келген үздік қызметкерлерді жоғары наградаларымен марапаттап, кітапханашы мәртебесі көтерілетінін айтты.

Асхат ОРАЛОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Мәдениет саласын дамыту мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі 7 жылдық тұжырымдаманы әзірлеп, бекіттік. Сонын ішінде бірқатар өзгерістер болатын болады. Өзіміздің мәдениет және өнер, сонын ішінде қітапхана саласының өкілдерін бір дәрежесін көтереміз деген үміт бар. Бірақ әлі бұл жұмыс пысықталуда.