Алты мыңнан астам адам қаржылық сауаттылық сабағынан өтті. Оны «AMANAT» партиясы Halyk Bank және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында жүзеге асырды. Ұлы дала» қауымдастығының президенті Ақмарал Бекмұрзаеваның айтуынша, оқыту бағдарламасы ауыл тұрғындарының қажетін ескере отырып әзірлеген. Отандастарымыздың қаржылық сауатын арттыруға атсалысып жатқан сарапшылар қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақыттағы несие қарызының санын қалай азайтудың қандай жолдары бар екенін, алаяқтықтардың әрекетін қалай анықтауға болатынын және қаржы пирамидасынан қалай аулақ болу керек екені түсіндірілген. Жобаның келесі кезеңі 29 мамырда басталады.
Ақмарал БЕКМҰРЗАЕВА, «ҰЛЫ ДАЛА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Қаржылық сауат әр адамға қажет. Жоба аясында берілетін білім өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етіп, ертеңгі күнге деген сенімді нығайтады. Оқуға әлеуметтік мәртебесі мен материалдық жағдайы әртүрлі адамдар келеді. Біз ауыл тұрғындарын, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді, дәл қазіргі уақытта қарызы бар және төлем жасау мерзімін өткізіп алған азаматтарды, сондай-ақ несие қарызы бар және борышкерлер тізімінде тұрған жандарды оқытамыз.