Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 23 жастағы қыз жоғары қабаттан секіріп мерт болды

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2023
  • 871
Фото: Kozachkov offside

Алматыда 23 жастағы қыз жоғары қабаттан секіріп мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның тұрғын үйлердің бірінің жоғары қабатынан секіріп кеткені туралы фото мен видео әлеуметтік желіде тарады.

"Видео Teracotta Almaty тұрғын үй кешенінде түсірілген - бір адам бүгін сол жерде мерт болды. Алдын ала болжам  бойынша, суицид жасаған", - делінген жазбада.

Алматы полиция департаменті мұны растады. Ведомствоның хабарлауынша, бұл іс Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Болжам бойынша, өз-өзіне қол жұмсаған 2000 жылы туған В.есімді азаматша.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген хабарламада.